Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинаның Харьков қаласында таеквондодан "Ukraine Open G-1" турнирі аяқталды, деп хабарлады Olympic.kz.
Қазақстан командасының негізгі құрамы аталған турнирге қатысқан жоқ. Олар Оңтүстік Кореяда өтетін оқу-жаттығу жиынына дайындалуда. Ал жастар командасы 12 жүлде жеңіп алды.
73 келідегі Айгүл Елубай алтын медаль тағынса, Мұрат Назаров (58 келі), Айгерім Мұхамеджанова (49 келі) және Нұрай Хусайынова (62 келі) күміс жүлдегерлер қатарына енді.
Сондай-ақ, сегіз спортшымыз рейтингілік турнирдің қола жүлдегері атанды.