Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.қаласында таеквондадан кадеттер (11-13 жас) мен жасөспірімдер (14-15жас) арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Бәсеке екі дисциплина (массоги, хъенги) бойынша өтті.
Еліміздің 14 облысы мен үш қаласынан келген 400-ден астам спортшы өзара мықтыны анықтады. Чемпионат жүлдегерлері шілде айында Болгария астанасы Софияда өтетін Әлем чемпионатына іріктеледі.
Жастар (16-17 жас) мен ересектер арасындағы келесі ел чемпионат сәуір айында Атырау қаласында өтеді.
Жалпыкомандалық есепте жүлделі орынға келесі командалар ие болды:
1 орын – Ақтөбе облысы;
2 орын – Павлодар облысы;
3 орын – Батыс Қазақстан мен Атырау облысы.