Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28-29 қыркүйек күндері Ресей астанасы Мәскеуде таэквондодан рейтингілік "Russian open G1" турнирі өтуде. Алғашқы жарыс күнінде қазақстандықтар үш медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.
54 келіде сынға түскен Самат Темірхан және 58 келіде бақ сынаған Айтуар Шайкеновтер турнирдің қола жүлдегері атанды.Ал әйелдер арасындағы бәсекеде 67 келіде финалға шыққан Ақсәуле Ерқасымова күмісті қанағат тұтты. Бүгін тағы сегіз салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталмақ.