Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Таеквандодан әлем чемпионаты: Қазақстан үздік үштікке енді

Бүгiн, 14:53
170
Бөлісу:
 ҰОК
Фото: ҰОК

Кенияның Найроби қаласында өткен WT нұсқасы бойынша 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы таеквондодан әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үздік үш команданың қатарына кірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екі алтын және бір қола медаль жеңіп алған ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте Түркия мен Ираннан кейін үшінші орынға табан тіреді.

Қазақстанға алғашқы алтынды +87 кг салмақ дәрежесінде Бейбарыс Қаблан әкелді. Екінші алтынды 87 кг-ға дейінгі салмақта Батырхан Төлеуғали жеңіп алды.

Өзгелердің жаңалығы