Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған 64 259 адам әлеуметтік төлем алды.
2 сәуір сағат 18-дегі жағдай бойынша табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау бойынша eGov.kz порталына 22 928 адам жүгінді, оның ішінде 3438 адам төлемдерін алды – делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді бірыңғай жиынтық төлем төлейтін 60 821 адамға тағайындады және аударды. Олардың қатарында:
– Нұр-Сұлтан қ. – 1521;
– Алматы қ. – 3500;
– Шымкент қ. – 8037;
– Ақмола – 2299;
– Ақтөбе – 2102;
– Алматы – 13 548;
– Атырау – 929;
– ШҚО – 3435;
– Жамбыл – 5436;
– БҚО – 1230;
– Қарағанды – 2195;
– Қостанай – 1886;
– Қызылорда – 3075;
– Маңғыстау – 1328;
- Павлодар – 1522;
– СҚО - 2457;
– Түркістан – 6321 адам.
Төлемдерді тағайындау проактивті форматта, яғни азаматтардың өтініштерінсіз жүзеге асырылды. Төлемдерді соңғы 12 айда кемінде 1 рет бірыңғай жиынтық төлем төлеген адамдар алды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда – дейді мамандар.
Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайлар кезінде табысынан айырылу жағдайына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем мөлшері бір адамға айына 42,5 мың теңгені (ең төменгі жалақы) құрайды, ол келесі санаттағы азаматтарға тағайындалады:
- орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;
- жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі – ЖК);
- жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор) (бұдан әрі – ЖП);
- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;
- нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі – АҚС) бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдар;
- карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.