Табысты кәсіпкерліктің сыры: «Өзгелер ойлағанша, мен әрекет етемін»

7 Қыркүйек 2020, 20:22
2230
Бөлісу:
Табысты кәсіпкерліктің сыры: «Өзгелер ойлағанша, мен әрекет етемін»

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада менталдық бұзылыстары, психологиялық және сөйлеу дағдыларының дамуының тежелуі және аутизм спектрінің бұзылуы бар балаларға көмек көрсетуге бағытталған Аутизм мен сөйлеуді түзету орталығы жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда орталық ай сайын 46-дан астам «ерекше» баланы қабылдайды және өзінің тиімділігін дәлелдеуде. Орталықтың бір жылға жуық жұмысынан айтарлықтай нәтижені байқауға болады. 

енефициарлардың 80%-дан астамының оқуында, түзетуінде, сөйлеуі мен мінез-құлқында, дене шынықтыруда, қоғамға бейімделуінде, мектепке дайындығында және басқа да көрсеткіштерде оң динамика байқалады.

WhatsApp Image 2020-09-07 at 19.05.53.jpeg

Бір жыл бұрын Аутизм мен сөйлеуді түзету орталығы тек қағазға жазылған жобаның бірі болатын. Бірақ жігерліліктің, үздіксіз жұмыстың және ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалтуға көмектесетін нақты мекеме құруға деген ұмтылыстың арқасында аталған мекеме ашылып, аймақтағы ең үздіктердің біріне айналды.

Мұның бәрі Розалия Рахимова – «Розалия және Эмир» жеке қорының басшысы, аутизм мен сөйлеуді түзету орталығының директорының жеке оқиғасынан басталады. Ол бірнеше жыл бұрын «аутизм» диагнозы қойылған «ерекше» сәби Эмирдің анасы және мықты әйел.

Кез-келген ана сияқты Розалия Рахимова ұлына ең жақсы мамандарды іздеп, бүкіл Қазақстанды, тіпті Ресейдің кейбір орталықтарын аралап шықты.

Біз өз жолымызда түрлі проблемаларға тап болдық. Кезек күту, мамандар қызметінің жоғары құны, ұзақ қашықтық. Сол кезде Қызылордада осындай орталық ашу, оны балалар мен олардың ата-аналарына қолжетімді ету, жақсы мамандар жинау идеясы пайда болды, - дейді Розалия Рахимова. 

Идеядан бастап оны толық іске асыруға дейін жас ана үш жылдық жолдан өтті.

Осы уақыт ішінде өзін шыңдап, басқа орталықтармен серіктестік байланыс орнатты, біліктілігін арттырды. 

Розалия Рахимова әлеуметтік жобаларды дамыту қорынан «Әрекет» әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша гранттар байқауына қатысып, жеңіске жетті.

Біз үшін бұл жаңа білім алу тұрғысынан үлкен тәжірибе болды. Әлеуметтік кәсіпкерлікті егжей-тегжейлі зерттедік, әр жолы қызықты дүниелерді біліп, күндіз-түні оқыдық деп айтуға болады. Сонымен қатар, біз маркетинг және PR, қаржы, презентация және басқа да тақырыптар бойынша шеберлік сабақтарынан өттік. Оқу соңында біз өз жобамызды қорғадық, жеңімпаздардың бірі болдық және осы істі дамытуға грант жеңіп алдық, - дейді Розалия.

Қызылорда облысында Розалия Рахимованың жобасы алғашқылардың бірі болып әлеуметтік кәсіпкерлік форматын АСБ, эпилепсияға ұқсас диагноздары бар балалардың әлеуметтік мәселесін шешу үшін қолданды. 2 айдан кейін аутизм мен сөйлеуді түзету орталығы әлеуметтік мәселені шешуге және КЕҰ-ның сыртқы қаржыландыруға тәуелділігін төмендетуге көмектесетін өзін-өзі толық қамтамасыз етуге көшті.

Әлеуметтік кәсіпкерлік Қазақстан үшін жаңа құбылыс. Дегенмен қиындықтарға қарамастан, біз мемлекет пен донорлық ұйымдардың қазірдің өзінде кәсіпкерліктің осы түрін дамытуға үлкен қызығушылық танытқанын көріп отырмыз, - дейді орталық басшысы. 

Бүгінгі таңда «Розалия және Эмир» ЖҚ білім беру саласындағы мәселені аймақтық деңгейде шешеді. Бұл - ақыл-ой кемістігі мен эпилепсиясы бар балаларды оқыту және түзету. Орталықта логопедтер, дефектологтар, психологтар, ЕДШ-мамандар, АВА-терапевтер жұмыс істейді. Орталықтың педагогикалық қызметкерлері оларды күнделікті өмірге дайындау үшін балалармен түзету, дамыту, оқыту жұмыстарын жүргізеді. Сабақтар барлық қажетті дидактикалық, педагогикалық және спорттық құрал-жабдықтары бар бірнеше оқу кабинеттерінде өтеді.

Айта кету керек, орталық балаларға қызмет көрсетуден басқа, ата-аналармен жұмыс істейді, оларды қауымдастыққа біріктіреді. Мұндай көмек Қызылорда облысындағы «ерекше» балалардың ата-аналарына бұрын соңды берілмеген. Балалардың ата-аналары үшін орталық бір-бірімен қарым-қатынас жасау және тәжірибе алмасу алаңына және эмоционалды қолдау орнына айналды, - дейді әлеуметтік жобаларды дамыту қорының баспасөз қызметі.
Өзгелердің жаңалығы