Табиғатты қорғау инспекторларына қосымша ақы төленбек

14 Мамыр 2023, 15:40
1278
Бөлісу:
Табиғатты қорғау инспекторларына қосымша ақы төленбек

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының бұйырығында жазылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тұжырымдамада өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін жұмыстарды атқаратын табиғатты қорғау инспекторларына қосымша ақы төленуі мүмкін екені жазылған.

ҚР Мемлекеттік орман күзеті қызметтерінің, табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторының және жануарлар дүниесін қорғау, ормандарды қорғау, өсімін молайту және орман пайдалану жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың инспекторының, балық шаруашылығы су айдындары немесе учаскелерін балықтандыру бойынша өсімін молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарының қызметкеріне денсаулыққа және өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін лауазымдық ақыдан 100 пайыз мөлшерде қосымша ақы төленсін, – делінген бұйырық жобасында.

Құжат 25 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.

Өзгелердің жаңалығы