Астана, BAQ.KZ. ҚР Президентінің Өкімімен Түркістан облысының экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
"Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев 1958 жылы 8 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Алғабас ауданының Қайнар ауылында дүниеге келген.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, филология факультеті, Алматы қ. (1980);
Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университеті, құқық факультеті, Мәскеу қ. (2000);
Ғылыми атағы, дәрежесі, қызметі:
Филология ғылымдарының кандидаты, ҚазССР Ғылым академисының тіл білімі институты, (1987);
Филология ғылымдарының докторы (2008) ;
Тіл білімі мамандығы бойынша Профессор
Түркия Республикасы Ниде университетінің құрметті докторы (2014);
Кәсіби тәжірибесі:
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент (1980-1993);
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Орта және Таяу Шығыс және Африка елдерін басқару бөлімінің меңгерушісі, бірінші хатшысы (1993-1994);
Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы (1994-1997);
Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бас сарапшысы (1997-1999);
Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Бас Консулы (Ыстамбул қ-сы) (1999);
Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы (1999-2004);
Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының Бастығы (31.03.2004-01.02.2006);
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (01.02.2006-10.01.2007);
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі (10.01.2007-09.2010);
Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (10.2010 бастап);
Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (03.2011 бастап).
Басқа қызметтері:
ТМД елдерінің гуманитарлық ынтымақтастықтың мемлекетаралық қоры басқармасының Төрағасы (2007-2010);
«ҰҒТХ Парасат» АҚ директорлар кеңесінің Төрағасы (2008 -2010);
Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің қамқоршылар кеңесі төрағасының орынбасары (2007-2010);
Түркістан облысының әкімі.
2019 жылдың ақпанында Мемлекет басшысының Жарлығымен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылды.
Марапаттары:
Құрмет ордені (2003);
Парасат ордені (2011);
«Астанаға 10 жыл» медалі (2008);
Қазақстан тәуілсіздігінің 20 жылдығына орай медалі (2011);
«Қазақстан мен Түркия арасындағы достықтың нығаюына ат салысқаны үшін» Түркия кәсіпкерлер мен іскерлер Ассоцациясының медалі (2011);
«Халықаралық қатынастарда ерекше жетістіктері үшін» Түркия халықаралық туризімінің дамуының тұғырнамасы (TÜTAP) сыйлығы (2011);
Қазақстан Конституциясының 20 жылдығына орай медалі (2015).