Тәуелсіздік бізге не берді?

16 Желтоқсан 2019, 14:50
12667
Бөлісу:
Тәуелсіздік бізге не берді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZтілшісі. Дүние жаралғанда әуелі сөз пайда болған, делінеді көктен түскен қасиетті төрт кітаптың бірі Інжілде. Сол уақыттан бері әлемде сөз мәртебесі төмендеген емес. Әсіресе, бір ауыз сөзбен тыйып та, түйіп те сөйлейтін қазақ, қашаннан сөздің киесі бар деп ұғады. 

Алайда, сол сөз киесінен сескенбей оңды да солды сөйлей беретін де тұстарымыз бар. Соның бірі, дәл осы тәулсіздік сөзі секілді көрінеді. Бұл сөздің байыбына бармай, тереңіне бойламай тілдің ұшымен, еріннің көмегімен айта салатынымыз бар. Тәуелсіздік туралы айтқанда денемізді кенеттен ток соққандай әсер алатын сәтіміз тым сирек. Осы сөзді айта алмайтын қанша ұлт, қанша мемлекет бар.  

Тәуелсіздік – біздің еркін, жасқанбай жақсы өмір сүруімізге берілген құқығымыз. Қазір біздің буын үшін барлығы бар. Біз қауіпсіз, үрейсіз өмір сүреміз. Жердің, ұлттың, мемлекеттің мәселесін батыр бабалар мен алдыңғы буын ағалар шешіп қойған. Ал, біздің бас қатырып жүрген дүниеміз күн көріс айналасындағы тым ұсақ дүниелер ғана. Ерінбей еңбектенгендер оның да ебін тауып жүр.

Алайда, осындай байлық пен тыныштық, ел мен жер бізге жәйдан жәй беріле салды ма? Жоқ, әрине. Бұл - аманат. Ал, аманатқа қиянат жасуға ешбіріміздің құқымыз жоқ. "Қарны тойса қалғып кететін ұрпақ" болуға тіпті қақымыз жоқ. Сондықтан бұл тәуелсіздіктің ғұмыры мәңгілік болу үшін оның жауапкершілігін де сезінуіміз керек.

Желтоқсан_көтерілісі.jpg

Бүгін 16 желтоқсан тәуелсіз мемлекет болғанымызға 28 жыл болды. Құтты болсын! Бірақ, дәл осы күн қуанып тұрып мұңаятын, мұңайып тұрып қуанатындай күн. Ел басына күн туса дәл осылай бір қатарда тұра алар ма екенбіз?!

index.jpg

1991 жылы тәуелсіздік алған алғашқы жылдары әлемнің көбі білмейтін, білетіндері Ресей империясының бір бөлігі деп қана танитын, халқы аз, жері үлкен мемлекетті бүгінде білмейтін ел кемде кем.

Осы тәуелсіздік қазаққа не берді?

NN_1990.jpg

Ең алдымен өз билігін өз қолына алды. Ешкімге жалтақтамай өзі қалаған тұлғаны өзі сайлай алатындай еркіндікке, құқыққа қолы жетті. Өз туы, елтаңбасы, шырқап салар әнұраны бар. Мемлекеттік тіл тұғырға көтеріліп, көмілуге жақын қалған дәстүрлі дін қайта тірілді. Тапталған рух оянды. Жойылуға шақ қалған ұлттық өнерге жан бітті. 

1544759913_article_b.jpeg

Саясаттың әлемдік сахнасында алпауыт мемлекеттер санасатын, кеңесетін мемлекетке айналды. Өзге салаларды айтпағанның өзінеде қазақ спорты мен мәдениетіне күллі әлем куә болды. Қаншама спрортшыларымыз әлемдік бәсекеде топ жарып, көк туымызды көкте желбіретіп жүр. 

__12.jpg

Жер жаусыз, ел даусыз болған емес. Жерімізге көз алартқандар да, елімізді масқара еткісі келгендер де табылды. Бірақ, Қазақстан деген қандай ел, қандай мемлекет екенін Елбасы дәлелдеді. Қазір күллі әлем қазақтың қаршадай баласы Димашпен бірге қазақ әнін шырқап жүр. Осының бәрі Тәуелсіздіктің жемісі. Ең ақыры ойымызды еркін айта алғанымыздың өзі азаттықтың арқасы.

Алла осы бергенінен айырмасын!

Өзгелердің жаңалығы