Тұтынушылық даулар енді сот тәртібімен шешіледі

11 Маусым 2020, 14:51
1050
Бөлісу:
Тұтынушылық даулар енді сот тәртібімен шешіледі

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырсында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылар құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң қабылданды. Бұл заң аясында елімізде тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне қоғамдық бақылау жүргізу құзыреті беріледі. 


Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов аталған Заң жобасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жұмыстарына үкіметтік емес ұйымдар белсенді тарту қарастырылғанынын айтты. 
Бұзылған құқықтарды толыққанды қалпына келтіру мақсатында тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілеріне екіжақты келісім болған жағдайда моральдық зиянды өтеуді жүзеге асыру құқығы беріледі. Шағын және орта бизнесті тексеруге енгізілген мораторийді ескере отырып, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне қоғамдық бақылау жүргізу бойынша құзыретін беру көзделеді. Бұдан басқа, халықтың әлеуметтік осал топтарына өз құқықтарын қорғауға тегін өкілдік қызметтер көрсету және оларға кеңес беру үшін қоғамдық ұйымдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беріледі, - деді Бақыт Сұлтанов.

Министр заң жобасына Мәжілісі депутаттары тарапынан бірқатар түзету енгізілгенін айтты. Олар негізінен "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңға, атап айтқанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының бақылаусыз өсуіне жол бермеуге бағытталған.


Өзгелердің жаңалығы