Төтенше жағдайда тәртіп бұзған 250-ден астам жайт анықталды – Түркістан

22 Сәуір 2020, 07:48
1310
Бөлісу:
Төтенше жағдайда тәртіп бұзған 250-ден астам жайт анықталды – Түркістан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы полиция департаментінің жеке құрамы елдегі төтенше жағдай басталғалы қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшкен. Алайда екі күннің ішінде карантин кезіндегі талапқа бағынбаған 250-ден аса жайт анықталған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде 33 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 6 тәртіп бұзушы әкімшілік қамауға алынса, 15 адамға әкімшілік айыппұл салынып, тағы 15 адамға ескерту берілді. Қалғанына қатысты материалдар сотқа жолданды.

Тәртіп сақшылары төтенше жағдайға қарамастан жұмыс істеп тұрған моншаны, түнгі уақытта жұмыс істеп тұрған бильярд орнын анықтады. Тәртіпке бағынбағандар арасында карантинге қарамастан блок-посттан өтіп кетуге тырысқан автокөлік иелері ұсталып, іс сотқа жолданған.

Осы уақыт арасында 253 құқық бұзушылық анықталған. 100-ден астам адам қамауға алынды. Төтенше жағдай кезінде дүкендердің, қоғамдық тамақтану және басқа да мекемелердің жұмыс тәртібін бұзуы мен отбасылық мерекелерді ұйымдастыру, т.б. жайттарға шектеу қойылған.



Өзгелердің жаңалығы