Төтенше жағдай: Тәртіп бұзушылар саны азаяр емес

10 Сәуір 2020, 12:01
1759
Бөлісу:
Төтенше жағдай: Тәртіп бұзушылар саны азаяр емес

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында төтенше жағдайлар кезінде 267 тәртіп бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

10 сәуірде Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзудың 273 фактісінің жолын кесті, оның ішінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша (ТЖ режимін бұзу) – 251 бұзушылық, оның ішінде 58 адам қамауға алынды, 109 айыппұл салынды, 24 ескерту жасалды, 53 материал сотқа жіберілді, 7 тоқтатылды.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 22 бұзушылық анықталды, оның ішінде 12 айыппұл салынды, 9 қамауға алынды және бір материал сотқа жіберілді.

Азаматтардың блок-бекеттерін заңсыз айналып өту фактілері орын алуда, мұндай бұзушылықтар 16 анықталды, оның ішінде 4 адам қамауға алынды, 2 айыппұл салынды және 10 материал сотқа жіберілді.

Мысалы, 9 сәуір күні Атырау облысының 32 жастағы тұрғынына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, ол Байғанин ауданындағы "Ақтөбе-Астрахань" автожолында орналасқан магистральды блокпосты айналып өтіп, Ноғайты ауылына баруға ниет білдірген. Әкімшілік материал шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберілді.

Полиция департаменті қала тұрғындарын қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. 

Өзгелердің жаңалығы