Тәртіпке бағынбаған 16 мың адамды ұстадық - Абаев

27 Сәуір 2020, 22:07
1644
Бөлісу:
Тәртіпке бағынбаған 16 мың адамды ұстадық - Абаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 16 мыңнан астам адам ұсталды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 16 мыңнан астам азамат ұсталды, оның ішінде 12 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 4 мыңнан астам материал сот өндірісінде қаралып жатыр, - деді Дәурен Абаев.
Оның айтуынша, инфекция жұқтырғандармен байланыста болған азаматтарды анықтау және табу жұмысын Ішкі істер министрлігі жүргізіп жатыр.
Денсаулық сақтау органдарының сұрауы бойынша полиция 6 500-ден астам адамның орналасқан жерін анықтады. Қазір іздеу шаралары тек 7 адам бойынша жүргізіліп жатыр, - дейді министр.
Ол сондай-ақ Қазақстанда 20 мың медицина қызметкері COVID-19 індетіне тесттен өткенін айтты.
Бүгін төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселе – Президенттің тапсырмаларын орындау. Басты міндеттердің бірі – тест арқылы анықтау жұмыстарының көлемін арттыру. Осы ретте айта кетерлігі, сәуір айында анықталған індет жағдайларының 67%-ы симптомсыз болған. Бұл алдын алу диагностикасының арқасында анықталды, - деді Дәурен Абаев.
Қазақстанда төтенше жағдай 16 наурызда енгізілді, ол 11 мамырға дейін жалғасады.
Өзгелердің жаңалығы