Түрмеге әкелінген мәнтіден ұялы телефон табылды

7 Қазан 2020, 03:07
2358
Бөлісу:
Түрмеге әкелінген мәнтіден ұялы телефон табылды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының тұрғыны түрмедегі туысына мәнті ішіне ұялы телефон салып кіргізбек болған. Бұл туралы облыстағы ИЧ 167/9 мекемесінің басшылығы мәлімдеді, деп жазады otyrar.kz.

Мекеме өкілдерінің мәлімдеуінше, сотталушының жақындары телефонмен қоса, телефон чипін де жібермек болған. Бұл осыдан бір ай бұрынғы жағдай.

Ал күні кеше тағы бір сотталушының туысы сәлем-сауқат ішіне тыйым салынған зат салып жібергені анықталды. Белгілі болғандай, сәлем-сауқатпен жеткізілген 3 литрлік «Кока-кола» сусынынан спирттік ішімдік анықталған. Сондай-ақ, спорттық аяқ киімнің ішіне 20 мың теңге салып жіберген екен. Енді олардың әрекеті заңмен жазалануы мүмкін, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы