Түрмеде қиылған неке

9 Қыркүйек 2020, 23:08
2998
Бөлісу:
Түрмеде қиылған неке

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп жүрген О. есімді сотталған, азаматтық некедегі жұбайымен заңды некеге отырып, неке қию туралы куәлігін алды.

Екеуі мекеме заңгерінің көмегімен Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөліміне некеге тұру туралы өтініш толтырып, ағымдағы жылдың тоғызыншы қыркүйегінде өтініші қанағаттандырылып, АХАТ бөлімінің қызметкері Ж.Омарова неке қию туралы куәлігін жас жұбайларға табыстады - дейді Қызылорда облысы ҚАЖ бөлімінің қызметкерлері.

Жазасын өтеуші азамат осы уақытқа дейін М. есімді азаматшамен  азаматтық некеде болған және ортақ төрт баласы  бар.

Осылайша, олар отбасы мерекесі қарсаңында неке куәлігімен қоса төрт баласының туу туралы алды.

Абайсызда жол-көлік оқиғасын жасап, жазамды мекемеде өтеп жатырмын. Бүгін мен үшін қуанышты күн, екеуіміз заңды түрде некемізді қиып, куәлік алдық. Сонымен бірге, ортақ балаларымыздың  туу туралы куәлігін де алдық. Мерзімімді өтеп, бостандыққа шыққан соң балаларыма жақсы тәрбие беремін, - деп қуаныштан көзіне жас алды сотталған азамат.

Өзгелердің жаңалығы