Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда коронавирустың екінші толқыны өтуде, деп хабарлайды РИА Новости.
Пандемия жалғасуда, күн сайын инфекция жұқтырғандардың саны артып келеді. Біз екінші кезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Анкара, Стамбұл, Измир, Бурса әлі де жоғары қауіпке ие, - деді елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа.
Ол елдің бірқатар провинциясында – Газиантеп, Санлиурфа, Мардин, Эрзурумда инфекция жұқтырудың жаңа жағдайлары көптеп тіркеліп жатқанын айтты.
Министрдің мәліметтеріне сәйкес, сәрсенбіде Түркияда коронавирустың 1596 жаңа жағдайы тіркелді, бұл 15 маусымнан бергі күн сайынғы ең үлкен өсім. Ауру жұқтырғандардың жалпы саны 273 301-ге жетті, тәулігіне 45 адам қайтыс болды, пандемия басталғаннан бастап 6462 адам қайтыс болған.