Түркияда карантиндік шектеулер күшейтіледі

17 Тамыз 2020, 09:47
1067
Бөлісу:
Түркияда карантиндік шектеулер күшейтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісуіне байланысты елде бірқатар жаңа шара енгізілуде.

Түркияда азаматтардың жекелеген санаттары үшін карантиндік шектеулер күшейтіледі. Бұл туралы Түркияның денсаулық сақтау министрлігі 16 тамыз күні хабарлады, деп жазды korrespondent.net.

Жаңа шаралар Сиирт, Газиантеп, Стамбул, Элазиг, Ван, Кайсери, Бартини провинцияларында енгізілмек. Бұл провинцияларда 65 жастан асқан адамдарға қоғамдық көлікті пайдалану және сауда орталықтары мен базарларға бару уақыты шектелді, пикниктерге баруға, діни және бұқаралық іс-шараларға, қыз ұзату, үйлену тойларына және т.б. тыйым салынды.

Сонымен қатар, жекелеген провинцияларда сауда нүктелері витриналарын немесе жеке тауарларды тротуарларға орналастыруға тыйым салынды, өйткені, бұл әлеуметтік қашықтықты сақтауға кедергі келтіруі мүмкін. Сонымен қатар, демалыс аймақтарындағы әлеуметтік дистанцияны 4 метрге дейін арттырды.

Сиирт провинциясында 15 жасқа дейінгі балаларға жаппай іс-шараларға қатысуға шектеу қойылды. Газивантеп провинциясында айдың соңына дейін кез-келген наразылыққа тыйым салынды, ал Элазиг провинцияларында үйлену тойлары үшін тек үш сағат берілді.

Еске сала кетейік, Түркияда COVID науқастарының саны қарқынды өсуде. Денсаулық сақтау министрі адамдар "демалыс орындарында эпидемиологиялық факторды жеткілікті дәрежеде ескермегенін" атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы