Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия билігі күрд сепаратистеріне қатысты Солтүстік Атлант альянсы ұстанымын қатаңдатуға тырысып жатыр. Анкара НАТО-ның Шығыс Еуропаға қатысты жаңа қорғаныс жоспарларын іске асыруды бұғаттап жатыр. Бұл туралы Sueddeutsche Zeitung хабарлады.
Мәлімет бойынша, Түркия PYD демократиялық одағы және YPG халықтық өзін-өзі қорғау отрядтары сынды күрд топтарын лаңкестік ұйымдар деп таныған жағдайда өз позициясын қайта қарауға дайын.НАТО-ның бірқатар елі мұндай шартпен келіспей отыр, - деп жазды басылым.