Түркия инвесторы Ақмолада 40 млн долларға зауыт салады

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында Түркия инвесторы 40 млн долларға жаңа өндіріс құруды жоспарлап отыр, деп хабарлады аймақтық әкімдікте.</h4>

 4 Қараша 2019 2019, 13:05
4 Қараша 2019 2019, 13:05
1792

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында Түркия инвесторы 40 млн долларға жаңа өндіріс құруды жоспарлап отыр, деп хабарлады аймақтық әкімдікте.

Түрік тарапы шамамен 40 миллион долларға гофрокартонды қағаздан жасалған қаптама материалдарын өндіру бойынша жобаны жүзеге асырмақшы, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қаржы моделін әзірлегеннен кейін шетелдік инвестордың қандай соманы салатыны белгілі болады. Жоба 2019-2020 жылдары төрт кезеңде жүзеге асырылады деп күтіледі. Бұл ретте әкімдік жұмыс қабілеттілігі мен жұмыс орындарының саны әлі анықталмағанын атап өтті.

Гофрокартон қорабының соңғы өнімін Ресей мен Орталық Азия елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр.

Наверх