Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркия Қазақстан азаматарының кіруіне шектеу енгізді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференцияда бас дәрігердің шешімін түсіндіру кезінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев айтты.
Бас санитарлық дәрігердің шешіміне сәйкес, карантиндік режим енгізіледі. Азаматтық авиация бойынша ешқандай шектеулер жоқ. Ешқандай рейс тоқтамайды. Бүгінгі таңда аптасына 457 рейс 45 бағыт бойынша ұшады, - деді ол.
Оның айтуынша, бұл жұмыс жалғаса береді.
Халықаралық рейс бойынша, мемлекеттік комиссия шешімі бойынша алдын ала ашылған рейстер ғана орындалады. Оңтүстік Корея мен Түркияға рұқсат берілген еді. Алайда Түркия тарапынан кеше ресми шешімді алдық. Олар Түркияға кіру үшін біздің азаматтарға шектеулер енгізді. Тек мекен жай мен жұмыс істеуге құжаттары бар азаматтар ғана кіре алады. Түркиядағы қазақстандық азаматтар елге қайтарылады. Оны отандық әуе компаниялары жүзеге асырады. Халықаралық рейс Оңтүстік Кореяға ғана сақталды. Басқа бағыттар ашылмайды, - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, уақытша
4 әлеуметтік маңыздағы пойыздың бағыты қысқарып, қала маңындағы пойыздар тоқтайтынын хабарлаған едік.