Түркістандық еріктілер ерлеуде

16 Сәуір 2020, 09:04
2269
Бөлісу:
Түркістандық еріктілер ерлеуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдегі төтенше жағдайға орай, түркістандық еріктілер бірқатар жобаларға атсалысуда. "Жастар ресурстық орталығы" көрсетілетін қызметтерді қашықтықтан жүзеге асыруда.

Жастардың үздіксіз дамуын әрі бос уақытын тиімді пайдаланып, қашықтықтан оқуға дағды қалыптастыру мақсатында бірқатар жобалар қолға алынды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, әлеуметтік желі арқылы "Жастар online" жобасы аясында видео-байқауы өткізілді. Қашықтан оқытатын "Қолжетімді ағылшын" жобасына 500-ге жуық жас, онлайн тіркеліп, ағылшын тілін ақысыз оқу курсы іске қосылды.

Облыстың талапкер жастары үшін арнайы электронды оқулық платформасы арқылы ақысыз "ҰБТ-ға дайындық бойынша шеберлік курсы" өтуде. Бұдан басқа, облыстық "Жастар ресурстық орталығы" мен "Ақпараттық талдау орталығы" қызметкерлері, кәмелет жасқа толған волонтер жастар COVID-19 індетінің таралуына қарсы заласыздандыру жұмыстарына да атсалысуда. Түркістан облысы бойынша барлық аудан, қалаларда "Біргеміз"тұжырымдамасы негізінде 7 жалпы ұлттық жоба аясында "Саулық" және "Қамқор" жобаларын жүзеге асыра отырып, COVID-19 вирусынан алдын алу мақсатында 600-дей акция ұйымдастырылды. Жалпы 4035 ерікті көмек көрсетуде.

Халық көп шоғырланатын орындарда, балалар үйіне, блок посттарда, мектеп интернат сондай-ақ жекелеген қарттар мен әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға қауіпті індеттің таралу жолы, оның симптомдары мен одан сақтану шаралары түсіндіріліп, арнайы медициналық 60 655 дана қорғаныс бетперделері сондай-ақ, жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға 3282 азық-түлік себеті таратылды. Сондай-ақ, халық көп шоғырланатын орындарында халыққа 10 000-нан астам дана ақпараттандыру парақшалары таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Өзгелердің жаңалығы