Түркістанда жыл соңына дейін 16 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталады

8 Қазан 2020, 09:42
1272
Бөлісу:
Түркістанда жыл соңына дейін 16 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Түркістан» ӘКК» АҚ мен Өңірлік коммуникациялар қызметі бірлесіп Түркістан қаласында пресс-тур ұйымдастырды. Шара барысында журналистер агроөнеркәсіптік, туризм, құрылыс салаларына қатысты бірқатар нысандарда болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Алдымен БАҚ өкілдері ауыл шаруашылығы саласындағы жаңбырлатып суару жүйесінің жобаларымен танысты. 

Түркістанда жыл соңына дейін 16 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталады

Қазіргі таңда, мың гектардан астам алқапта жаңбырлатып суару жүйесін құру қолға алынуда. Мұндағы мақсат жаңаша жобаның көмегімен дәнді-дақылдардың өнім көлемін арттыру. Бүгінде жоспарды жүзеге асыру үшін 100 фермерлік шаруашылық жер телімдері біріктірілген. Сондай-ақ, жаңбырлатып суару жүйесіне қолданылатын Американдық «T-L» фирмасының 18 жаңбырлатып суару машинасы орнатылып, 26 ауыл шаруашылығы техникасы бар машина-трактор стансасы құрылған.

Түркістанда жыл соңына дейін 16 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталады

Жалпы Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мақсатында 13 дүкен жұмыс істесе, 5 супермаркетте әлеуметтік тауарлар жиынтығының қатары бар.

Түркістанда жыл соңына дейін 16 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталады

Онда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер тізіміне кіретін 19 түрлі тауарлар базар нарқынан 10 пайызға дейін төмен бағада саудаланады. 

Түркістанда жыл соңына дейін 16 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталады

Сауда орындарын үздіксіз тиісті азық-түлікпен қамтып отыру үшін арнайы қор құрылған. Қазіргі таңда, онда жалпы құны 533,5 млн. теңге болатын 6 581,8 тонна тауар сақталған.

Түркістанда жыл соңына дейін 16 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталады

Сонымен қатар, журналистер қауымы «Turkistan Jana-qala» жаңа тұрғын үй алқабында да болып, жаңадан бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлерді аралап көрді. 

Түркістанда жыл соңына дейін 16 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталады

Бұдан бөлек, Түркістан қаласында «Арман» және «Сырдария» тұрғын үй кешендері жобалары да жүзеге асырылған. Нәтижесінде 1 418 пәтерлік 44 көпқабатты тұрғын салынып, өткен жылы 165 пәтер сатылды. Ал, үстіміздегі жылдың соңына дейін жалпы ауданы 32 864,02 шаршы метр болатын 488 пәтерлік 16 үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Түркістанда жыл соңына дейін 16 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталады

БАҚ өкілдері аялдаған соңғы нысан Н.Назарбаев даңғылындағы ақпараттық-мультимедиялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жоба болды. Онда қаланың туризм саласындағы жаңалықтар және туристерге қажетті ақпараттарды насихаттауға арналған LED экран қойылған.

Түркістанда жыл соңына дейін 16 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталады

Айта кетейік, 2021 жылдың соңына дейін тағы 215 жарнамалық құрылым орнату жоспарлануда. Бүгінгі күні серіктес-инвестордың есебінен жалпы сомасы 400 млн теңгеден астам 34 жарнамалық құрылым орнатылып, жобаның бірінші кезеңі аяқталды.

Түркістанда жыл соңына дейін 16 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталады

Сондай-ақ, мұнда «Turkistan Bike» автоматтандырылған велопрокат жобасы жүзеге асырылған. Бұл жоба аясында қала бойынша 40 велосипеді бар 5 велобекет орнатылған. Жобаның пилоттық іске қосылуы сәтті өтті және қазіргі уақытта жергілікті тұрғындар арасында, сонымен қатар, қала қонақтары арасында да үлкен сұранысқа ие.
Пресс-турдан соң облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов және «Түркістан» ӘКК» АҚ Басқарма төрайымы Айгүл Ахмеджанованың қатысуымен брифинг ұйымдастырылды. Жиын барысында А.Ахмеджанова баяндама жасап, журналистердің сауалдарына жауап берді.

Өзгелердің жаңалығы