Түркістанда жаңа арбат ашылды

11 Қыркүйек 2019, 08:50
3160
Бөлісу:
Түркістанда жаңа арбат ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен қала орталығында Арбат демалыс орны ашылды. 

Аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлағандай, халық саялайтын, таза ауамен тыныстайтын демалыс орнының ашылуына қала тұрғындары мен қонақтары куә болды. 

"Күні бүгінге дейін, шаһарға байланысты қаншама мемлекеттік деңгейдегі маңызды шаралар қаралып, Президентіміздің тікелей қамқорлығымен көз тоярлық игі істер атқарылып келеді. Қаншама түрік тілдес ұлт өкілдерінің де бір үйдің адамдарындай тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқандығы баршамызды қуантады", - деді  Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арбаттың ашылында.

Салтанатты кешке келген халық әртүрлі музыкалық асаптарда ойнаған музыканттар мен актерлердің өнерлеріне тәнті болды. Арбаттың атмосферасын көрсететін әлемдік, қазақстандық авторлардың музыкалық шығармалары, струнный квартет және саксофанист, күйші домбырашылар, Абайдың өлеңдерін, Қожа Ахмет Ясауидың хикметтерін оқып отырған актерлер, сурет салып отырған суретші мен ақ жаулықты әжелерге дейін осы салтанатты кештің ажарын ашты.

Айта кетейік, жобаның құны – 99293,0 мың теңгены құрады. Жалпы аумағы – 0,15 га, абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін жері тегістеліп, бетон қабаты құйылды және 2600 м2 гранит тас төселді. Сонымен қатар 145х10 метр металлоконструкциялық ферма (аспалы метал құрастырылым) қойылып, түрлі - түсті шамдармен жарақтандырылған.


Өзгелердің жаңалығы