Түркістанда заңсыз иеленген жерлер анықталды

13 Желтоқсан 2019, 06:18
8728
Бөлісу:
Түркістанда заңсыз иеленген жерлер анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Түркістанның прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде Түркістан қаласының аумағында пайдаланылмай жатқан жалпы көлемі 3 мың га астам 80 жер учаскесі анықталып, оның 76-сы (көлемі 705,85 га) прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде мемлекетке қайтарылды.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік және жеке тұрғын үй құрылысына арналған 293 (жалпы көлемі 127,03 га) жерді жалған құжат жасау арқылы заңсыз иемдену бойынша мемлекетке 1,6 млрд теңге залал келтірген фактілер анықталды, - делінген хабарламада.
Прокуратураның актілері негізінде бүгінгі таңда аталған жерлердің 165-і қайтарылып (95га), мемлекеттің 1,3 млрд теңгеге жуық материалдық мүддесі қорғалды.

Заңсыздықтарға жол берген Түркістан қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Елшібаев, қалалық жер кадастры бөлімшесінің басшысы Н.Көпбаев және осы мекемелердің басқа 3 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылды (5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды).

Бұл ретте осы жолмен заңсыз рәсімделген 12 жер мемлекет мұқтажы үшін алынатын мүлік тізіміне негізсіз қосылғаны әшкереленіп, прокуратураның талабы негізінде 6 жер дер кезінде тізімнен шығарылып, 25 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражаты үнемделсе, заңсыз өтемақы төленіп кеткен 6 жер бойынша 33,5 млн теңге бюджет қаражатын қайтаруға шара қолданылуда.

Қазіргі уақытта жер саласындағы заңсыздықтар бойынша тағы 4 қылмыстық іс тергелу үстінде.

 

Өзгелердің жаңалығы