Түркістанда "Ясауитану-2019" республикалық байқауы өтуде

7 Қараша 2019, 14:03
2780
Бөлісу:
Түркістанда "Ясауитану-2019" республикалық байқауы өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі" РМҚК және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру", "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақаласында көрсетілген "Ұлы даланың ұлы есімдерін" ұлықтау мақсатында және Жастар жылына орай  дәстүрлі "Ясауитану - 2019" республикалық байқауы басталды. 

Бұл туралы "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиырма үшінші рет өтіп отырған доданы "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы мен Қожа Ахмет Ясауи  атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Әлеуметтік қолдау және тәрбие жөніндегі вице-президент Әміреқұл Ергешұлы ашып берді.

Өз заманында-ақ халықтың ерекше ілтипатына ие болып, әулиелер, сұлтаны атанған, кейінгі ұрпақтың да руханият әлеміндегі бағдарын айқындауда жетекші рөл атқарған Қожа Ахмет Ясауи артына баға жетпес байлық, өшпес мұра қалдырып кеткені белгілі. Әулиенің ізіне ерген шәкірттері Түркістан атырабынан асып, оның ілімін төрткүл дүниеге мәшһүр етті. Мәселен, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Түркіменстан, Пәкістан, Үндістан, Сирия, Иран, Ирак, Әзірбайжан, Ресей, Украина, Қытай, Түркия, Болгария, Босния-Герцоговиня, Мысыр, Марокка мемлекеттерін атап өтуге болады.
Қожа Ахмет Ясауидің шығармашылығы мен өмірін, кесенеде жерленген тұлғаларды жастар арасында насихаттап, патриоттық сезімді дамытуға үлес қосып, тарих танымын терең меңгертуге жол ашу бағытында қолға алынған байқаудың тамыры тереңдей түсті. Қалалық деңгейде бастау алған сайыс облыстық, республикалық, халықаралық дәрежеге қол жеткізді. Биыл жиырма үшінші рет ұйымдастырылған байқау республикалық деңгейде өтуде. Бүгін еліміздің барлық өңірінің кіл мықтылары бақ сынайтын болады,- деді "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Қадырұлы.

Байқау жеңімпаздарына қомақты қаржылай сыйлықтар және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрікуниверситетінің гранты тағайындалған.

IMG-20191107-WA0012.jpg

Байқау  қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін насихаттау,  өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру,  интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру, кесенесінде жерленген тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған.

Республикалық байқауға еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістан қалалары мен Алматы облысы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Түркістан облысынан 41 оқушы сайысқа түсуде.

Өзгелердің жаңалығы