Түркістандағы блок-бекеттер жұмысы күшейтіледі

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында індетке шалдыққан азаматтар саны 11-ге жетті. Осыған орай Түркістан қаласының әкімі Р. Аюпов қала тұрғындарына&nbsp;үндеу&nbsp;жасады.</h4>

2 Сәуір 2020 2020, 18:19
АВТОР
 2 Сәуір 2020 2020, 18:19
2 Сәуір 2020 2020, 18:19
1264

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында індетке шалдыққан азаматтар саны 11-ге жетті. Осыған орай Түркістан қаласының әкімі Р. Аюпов қала тұрғындарына үндеу жасады.

Барлық блок-бекеттер жұмысы күшейтілетінін хабарлаймын. Және де қала ішінде тұрғындардың жөнсіз жүруіне тыйым салынды. Бүгін қаламызға ҚР Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасымен  әскери қызметкерлер және арнайы техника жұмылдырылды. Жергілікті қызметкерлер тарапынан және осы кісілердің қатысуымен сақтық шаралар орындалуы қатаң қадағаланып, мойынсұнбаған тұрғындар заң аясында жауапқа тартылатынын ескертемін, – деді қала әкімі.

Наверх