Түркістанда айналма жол салынуда

24 Шілде 2020, 01:24
1222
Бөлісу:
Түркістанда айналма жол салынуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралап, ондағы карантин талаптарының қатаң сақталуын бақылап көрді.

Кей нысандарда жұмыс үш ауысымға көшкеніне және басым бөлігінде құрылысы аяқталған нысандардың айналасын абаттандыруға күш салынып жатқанына көз жеткізді,

Облыс басшысы биыл қолданысқа берілетін басқармалар үйі мен Конгресс-холл, жаңа мешіт пен дендробақ, желілік саябақ пен драма театр, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана мен Ұлы дала елі және қолөнершілер орталықтарында, Тұңғыш Президент саябағы мен Қожа Ахмет Ясауи мұражайы нысанының құрылысында болды. Жұмысшылармен кездесіп, нысандардың кестеге сәйкес салынып жатқанын көріп шықты. Жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Бұдан бөлек, өңір басшысы Түркістан қаласындағы орташа жол жөндеу жұмыстарымен де танысты. Биылғы жылы инфрақұрылымы толық аяқталған 81 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Көшелерде сарқынды су жүйесіне арналған футляр орнату мен жол негізін даярлау, аяқ жолдардың жиектастарын орнату жұмыстары қоса жүргізілуде. 

Сондай-ақ, Бекзат Саттарханов даңғылы бойында орналасқан "Керуен сарайы" кешенінің тұсында айналма жолдың құрылысы да аяқталуға жақын. Мұнда да жол төселіп, веложолдың және тротуар орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, қаланың орталық көшелеріне 30 аялдама орнатылмақ. Бүгінде жеңіл конструкциялы заманауи 9 аялдама қаланың басты көшелеріне қойылған.


Өзгелердің жаңалығы