Түркістан облысындағы әлеуметтік нысандар 100% жылуға қосылды

19 Қараша 2019, 07:43
1533
Бөлісу:
Түркістан облысындағы әлеуметтік нысандар 100% жылуға қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы бойынша 2748 бюджеттік мекеме жылуға 100% қосылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінде өткен аппараттық мәжілісте белгілі болды. 

Жалпы өңірде білім саласында - 1280 нысан, денсаулық саласында - 755, әлеуметтік салалар - 713 нысан толықтай жылумен қамтамасыз етілген. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін 547 көпқабатты тұрғын үйлерге толық температуралық кестеге сәйкес жылу берілуде. Бюджеттік мекемелердің сұйық отынға, мазут пен көмірге қажеттілігі де қамтамасыз етілген. Тұрғындардың көмірге қажеттілігін (901,9 мың тонна) тасымалдау күнделікті жалғасуда. Жылу беру маусымының өту барысына апта сайын тұрақты мониторинг жүргізіліп, бақылауға алынған.

Түркістан облысын көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселесі де қарқынды жүруде. Бүгінде 48 елді мекенде газ жүргізу жұмыстары жүріп жатыр.



Өзгелердің жаңалығы