Түркістан облысында суармалы егістік алқабы ұлғаяды

26 Сәуір 2020, 12:27
2851
Бөлісу:
Түркістан облысында суармалы егістік алқабы ұлғаяды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Түлкібас ауданындағы суармалы алқаптардың аумағы 1115 гектарға ұлғаймақ, деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оған респубикалық бюджет есебінен 16 шақырымды құрайтын 5  су нысанының іске қосылуы себеп болғалы отыр. Бүгінгінің өзінде аталған нысандардағы құрылыс жұмыстарының 50 пайызға жуығы аяқталса, осы жылдың шілде айында ел игілігіне толық берілмек.
Жаңадан айналымға қосылатын 1115 гектар суармалы жердің 123,2 гектары Шақпақ, 555 гектары Жабағылы, ал 437 гектары Кемербастау ауылдық окруктерінің аумағында орналасқан, - делінген таратылған ақпаратта.

Су шаруашылығы мамандарының айтуынша, суармалы жерлерді ағынды сумен жабық темір құбыр арқылы қамтамасыз ету, темір бетонды каналға қарағанда 3 есе артық тиімді.



Өзгелердің жаңалығы