Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 36-ға жетті

12 Сәуір 2020, 11:01
1442
Бөлісу:
Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 36-ға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 11 сәуірдегі жағдай бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны – 36-ға жетті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Арыс қаласының 1995 жылғы тумасы Ақтау қаласында жұмыс істеген. 31 наурыз күні үйіне келген.

Жалпы облыс бойынша Жетісай ауданында – 14 адам тіркелген, оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған. Сондай-ақ, Кентауда - 5, Ордабасы- 2, Сайрам - 2, Мақтарал - 4, Арыс - 8, Сарыағаш - 1 тұрғыны індетке шалдыққан.

Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.


Өзгелердің жаңалығы