Түркістан облысында биылғы егіс көлемі 800 мың гектардан асады

20 Сәуір 2020, 12:55
1390
Бөлісу:
Түркістан облысында биылғы егіс көлемі 800 мың гектардан асады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 825,4 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді.

Оның айтуынша, өңірде егістікті әртараптандыруға сәйкес, көкөніс-бақша дақылдарының егіс көлемі - 122 мың га, азықтық дақылдар - 213 мың га, майлы дақылдар көлемі - 91,4 мың га, масақты дақылдар - 226,9 мың га, мақта дақылы - 118 мың га аймаққа егілетін болады.
Бүгінгі күнге 505 мың гектар жаздық дақылдардың 206,4 мың гектары, яғни 40 пайызы отырғызылған. Сондай-ақ, облыста жер айдау жұмыстары - 424 мың гектарға, ал сор шаю жұмыстары 113 мың гектарға межеленіп, толығымен орындалды.

Айта кетерлігі, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 37 мың тонна жанармай бөлінген. Дизель отынының босату бағасы сәуір айынан бастап литріне шаққанда 160 теңгені құрайды. Бұл нарықтық бағадан 25 теңгеге арзан.

Бұдан бөлек, 93,5 мың тонна минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға 3,75 млрд теңге қаржы бөлініп отыр. Бүгінгі таңда облысқа "КазАзот" АҚ және тыңайтқыш өндірушілер мен тарапынан 27 мың тонна минералды тыңайтқыштар жеткізіліп, 7 мың тоннасы тауар өндірушілерге үлестірілген. 

Облыста агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін арттыру мақсатында "Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу" жобасын қолға алынған болатын. Нәтижесінде, 2019 жылы 3 млрд теңгеге 107 жоба іске асып, 9 млрд теңге көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Қосымша 364 жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар, биыл өңірде 8 мың гектарға ерте пісетін қырыққабат егіліп, сәуір-мамыр айларында 300 мың тоннадан астам өнім жинау жоспарланып отыр. 



Өзгелердің жаңалығы