Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 3 жасар қыз арыққа батып кетті.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға түнгі сағат 22.30-да Түркістан облысы Келес ауданы Қызыләскер ауылында орын алды.Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтың хабарлауынша, 2016 жылы туған қыз қараусыз қалып, жеке үйдің маңындағы арыққа батып кеткен.
"Құрметті азаматтар, ата-аналар!Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Балғындардың су қоймасы, жол мен үйдегі тәртібін қадағалаңыздар. Оларға қауіпсіздік ережелерін үйретіңіздер. Балаларды аз уақытқа жалғыз қалдырудың өзі олардың өміріне қауіп төндіретінін ұмытпаңыздар", - деп ескертті Нұрсұлтан Нұрахметов.