Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Түлкібас ауданында ауылшаруашылығы саласын дамыту мақсатында ауқымды жобалар іске асуда. Бұл туралы жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.
"2019 жылы алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып және халықты жұмыспен қамту мақсатында жалпы сомасы 6094,0 млн тенгені құрайтын барлығы 33 жоба іріктеліп алынды. Бүгінгі күнге жалпы сомасы 787,3 млн теңгені құрайтын 12 жоба іске асырылды. Оның ішінде, өз қаражаты есебінен – 7 жоба, несиелендіру арқылы – 5 жоба, ал қалған 21 жоба бойынша бүгінгі күнде шаруақожалық басшылары құжаттарын жинақтап, қаржы институттарымен қаржыландыру бойынша етене жұмыс жүргізуде", - делінген хабарламада.