Түркістан облысы "Туған жер" жобасы бойынша үздіктер қатарында

19 Шілде 2019, 15:41
2688
Бөлісу:
Түркістан облысы "Туған жер" жобасы бойынша үздіктер қатарында
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша елімізде көшбасшылардың біріне айналды.

Рухани жаңғыру


Жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бүгінде облыстың түкпір-түкпірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында  әлеуметтік нысандар, спорт алаңдары мен өзге де пайдалы ғимараттар салынып жатыр. Биылдың өзінде облыста сәуір айынан бері демеушілер есебінен 19 нысан ел игілігіне тапсырылды.

5e592569-5b20-44bb-963e-6a0e0e9742a5.jpg

Сонымен бірге 12 нысан күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңа кейіпке енді. Мәселен, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылында балалар ойын алаңшасы салынса, Қызылкөлдің мәдениет клубына сахна орнатылған. Сондай-ақ осы ауданда ат ойындарына арналған атшабар ашылған.

Бәйдібек ауданында құны 4 млн теңгеге жуық «Жастар аллеясы» бой көтерсе, Түркістан қаласында «Ертегілер әлемі» атты үлкен балабақша салынды. Ордабасы ауданы, Төрткөл ауылында жаңа мешіт пайдалануға берілген.

d1eb60bf-8991-4c12-9305-bed9a8168cb3.jpg

Өңірде «Туған жер» жобасының бір тармағы ретінде «Алтын ұям» жобасы да жүзеге асып жатыр. Жобаның мақсаты – мектеп түлектерінің 10, 20, 30 жылдық мерейтойларын қайырымды іспен өрнектеу. Яғни, түлектер орынсыз салтанат пен өзге де іс-шаралардан бас тартып, өзі туып-өскен ауылға немесе білім алған мектебіне демеушілік жасайды.

Биыл Түркістан қаласындағы «Бекзат» шағын ауданының 1999 жылы мектеп бітірген түлектері бір отбасыға баспана салып берді. Сонымен бірге Бәйдібек ауданында 1982 жылы туған азаматтар аз қамтамасыз етілген отбасыға үй әперді. Шардара, Түлкібас, Төлеби аудандарының түлектері де көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға пәтер сыйлап, сауапқа кенелді.

9a7d25a3-e921-4705-a984-865f7c4a0662.jpg

«Туған жер» жобасы бойынша 2017 жылы құны 6 млрд теңгеден астам қаражатқа 473 жоба жүзеге асырылған. Ал 2018 жылы демеушілер тарапынан құны 3 млрд 386 млн теңгені құрайтын 97 нысан іске қосылған болатын. Аяқталған 97 нысанның – 28 білім мекемелерінің құрылысы және 3-і  қайта жөндеу, 2-еуі медицина мекемесі құрылысы, 12-сі спорт нысандарының жаңа құрылысы және 2-еуі спорт алаңынқайта жөндеу. Сонымен бірге 15мәдениет нысанының құрылысы жүргізіліп, 5 нысан қайта жөндеуден өткен.  Абаттандыру бойынша  30 жоба іске асырылды.

Өзгелердің жаңалығы