Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының Шардара қалалық орталық мешітінде "Жүрек жылуы" қайырымдылық акциясы өтті.
Асыраушысынан айырылған, тұрмысы төмен, көпбалалы отбасылар мен мүгедек азаматтарға құны 15 мың теңгеден келетін азық-түлік үлестірілді. 100 отбасыны қамтуға 1 млн 500 мың теңге жұмсалды.
Айта кетейік, облыста "Жүрек жылуы" акциясы белсенді түрде атқарылып келеді. Жамағаттар жергілікті мешіттерге жылу жиып, маңайдағы мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуде. Азық-түлік, тұрмыстық, гигиеналық заттар, бау-бақша өнімдері қабылдау орындарына жеткізілуде.