Түркістан аумағында сақтық үшін блок-посттар қойылады

19 Наурыз 2020, 04:27
1346
Бөлісу:
Түркістан аумағында сақтық үшін блок-посттар қойылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының карантин аумағына енгізілуіне байланысты сақтық мақсатында Түркістан облысының шекаралық жерлеріне блок-посттар қойылатын болады. Онда келушілер арнайы тексерістен өткеннен кейін ғана облыс аумағына енгізіледі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас санитар-дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда облыс бойынша 380 мың текше метрге жуық жер дезинфекцияланған. 
Өңірде дезинфекцияланған 137 мыңнан астам шаршы метр аумақ – мектепте дейінгі білім беру нысандарында жүрсе, 14 мың шаршы метр – қоғамдық тамақтанатын жерлер. 16 743 шаршы метр аумақ – тамақ өнеркәсіптеріне, 18 908 шаршы метр – сауда орындарына тиесілі. Барлық залалсыздандыру жұмыстары мекемелер мен дезинфекциялық орталық келісімдерімен жүруде, – деді Нұрбек Садықбекұлы.

Департамент мамандары барлық сақтық шараларын қолға алып, коронавирус дертін жұқтырған азаматтардың облыс аумағына енбеуін қадағалап отыр. 
Өзгелердің жаңалығы