Түріктер Қазақстанда алма бағын отырғызады

6 Қазан 2020, 10:16
2319
Бөлісу:
Түріктер Қазақстанда алма бағын отырғызады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Түркияның  «Гокнур Гида» компаниясы еліміздің үш облысында 5 мың гектар алма бақ отырғызуды көздеп отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты.

Жаңа бақтар отырғызуды негізгі бақ шарушылығымен айналысатын Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарына, Шымкент қаласына шоғырландыру ұсынылады. Аталған өңірлер бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өту қажет. Алдағы 3 жылға арналған отырғызу алаңы 5,5 мың гектар болатын жоба пулы бар. Жоспарланған алаңдар жобалармен қамтамасыз етілмеген өңірлер бойынша тиісті жұмыстар жүргізу қажет. Бұл жерде Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарында 5 мың гектар бақ отырғызуды көздеп отырған «Гокнур Гида» түрік компаниясымен жобаны іске асыруының маңыздылығына ерекше назар аударғым келеді, - деді Сапархан Омаров.
Оның айтуынша, толық жеміс беруге біртіндеп шыға отырып, жылына орта есеппен 2 - 2,2 мың гектар бақ отырғызу алма тапшылығын толығымен жабуға және 2024 жылы толық өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта республикада жалпы алаңы 35,1 мың гектарда жалпы көлемі 216,5 мың тонна алма өндірумен 34 ірі компания, 195 орта, 1370 шағын шаруашылық және жеке қосалқы шаруашылық айналысады. Бұл ретте өнеркәсіптік қарқынды бақтарда алманың түсімділігі гектарына 40-45 тоннаны, ал ұсақ және жеке қосалқы шаруашылықтарда гектарына 7-10 тоннаны құрайды. Алма бақтарының алаңдарын ұлғайту бойынша басты назарды ірі және орта шаруашылықтарға аудару керек, ал ұсақ шаруашылықтар мен жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру қажет, - дейді министр.
Оның айтуынша елімізде алмаға деген қажеттілік көлемі 344,3 мың тоннаны, импорт 128 мың тоннаны құрайды. Ішкі нарықты 6,6 мың гектар жаңа қарқынды бақтар отырғызу есебінен молайту болжанып отыр екен.
Өзгелердің жаңалығы