Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр құрылыс пен тұрғын үй тапсыру бойынша қай өңірлер алда келе жатқанын мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
Оның айтуынша, 7 айдың ішінде 6,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Әсіресе, Түркістан облысы бұл жағынан белсенді.
«2018 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 96,3%-ды құрады. Республика бойынша барлығы 55 849 баспана пайдалануға берілді. Оның ішінде 24 013 жеке тұрғын үй бар. Тұрғын үйді тапсыру көлемінің артуы өткен жылмен салыстырғанда еліміздің 7 өңірінде жалғасуда. Тұрғын үйді тапсыру бойынша көш бастағандардың қатарында Түркістан (130,9%), Қызылорда (128,7%) және Қостанай (118,6%) облыстары бар. Тұрғын үйді тапсыру қарқыны бойынша төмен көрсеткіштер Маңғыстау облысында (87,7%) және Нұр-Сұлтан қаласында (64,1%) байқалады. Жылдық жоспарға (105,0%) қол жеткізу үшін осы өңірлерде жұмысты жандандыру қажет», - дейді министр.