Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түлкібас ауданында көп жылдан бері тозығы жеткен мәдени нысандарда қайта жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қолға алынған игі бастама, ауыл тұрғындары рухани азық алатын нысандардың маңыздылығын тағы бір рет айшықтап берді.«Соның нәтижесінде, аудандық бюджет есебінен Елтай, Жанұзақ, Көкбұлақ, Алғабас, Рұсқұл ауылдық клубтарына күрделі жөндеу жұмыстары, ал Сарытөр ауылдық мәдениет үйінде ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 100-ден аса адамға есептелген мәдениет ошақтарының аумақтары да толығымен қоршалып, абаттандырылатын болады», - делінген хабарламада.
Қайта жаңғырған мәдени нысандарда ауыл жастары музыкалық және басқа да үйірмелерге қатысып, бос уақыттарын тиімді пайдалана алады. Ол үшін барлық жағдай жасалынбақ. Ғимараттар биылғы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.