Қазақстанның соңғы жаңалықтары

«Сырым» шекара бекетінде 100 келіден астам бекіре уылдырығы тәркіленді

9 Тамыз 2022, 18:27
1500
Бөлісу:

Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметінің БҚО бойынша департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Шекара қызметкерлері жүзім тиелген «Вольво» автокөлігін тексеру кезінде жапсырмамен оралған күмәнді 8 қорап тапқан. Онда бекіре уылдырығы жасырылғаны белгілі болды.

 БҚО ПД, табиғат қорғау полициясы және шекаралық нарядпен бірлесіп бекіре балығының қара уылдырығы бар 399 банка тәркіленді. Салмағы шамамен 100-120 келі. Бағалау құны – 50 млн теңге,- делінген хабарламада. 

Көлікті Қазақстан Республикасының азаматы басқарған. Ол тыйым салынған тауарды шетелге шығармақ болған. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы