Сырттан келетін тауарларға бақылау күшейтіледі

17 Ақпан 2024, 10:13
780
Бөлісу:
Сырттан келетін тауарларға бақылау күшейтіледі

Осы мәселе бойынша Сауда және интеграция министрлігі ішкі нарықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы штаб құрды. Оның құрамына Ауыл шаруашылығы және Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері енген, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық арнаға сілтеме жасап. 

Енді сырттан келетін тауарларға мониторинг жүргізіліп, арзан және күмән келтіретін өнімдер қатаң бақылауға алынады.

Жалпы осы сұрақ бойынша Сауда және интеграция министрлігінде штаб құрылды. Бұл штабтың жұмысының мақсаты - ішкі нарықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Оның ішінде басқа өңірлерден келетін импорттық тауарларға мемлекеттік бақылау жүргізу мәселесі. Әр мекеме өз құзыреттік шеңберінде ішкі нарықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іс шаралар жүргізіп жатыр, - деді ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қасымов.

Өзгелердің жаңалығы