Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Бекболат Тілеухан айтты.
Қазақстанның астық саласы елді азық-түлікпен қамтамасыз етудегі маңызды сала. Сонымен қатар өзіміздің елді ғана емес, сырттағы біраз ел қазақ астығынан дәмелі. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі елдің ұлттық қауіпсіздігінің құрамдас бөліктерінің бірі болғандықтан бүгінгі талқыланып отырған заң жобасы өзекті. Сондықтан заң жобасында астықтың, азық-түлік қорының сақталуы және ішкі нарыққа әсер ету мәселелеріне мемлекеттің қатысуы туралы ұсынылып отырған нормалар қазіргі болмысқа негізделген. Әрі содан туындап отыр. Осы мәселе шешілсе, орынды болар еді, - дейді депутат.
Астықтың резервтік қорын заңнама жүзінде айқындау және басқару, сонымен қатар басқа да мәселелер мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар қызметті құқық аясында енгізуге мүмкіндік береді.
Кезінде «нан болса, ән де болады» деп айтылды. Сондықтан әріптестеріміздің бастамасын қолдағанымыз өте орынды деп есептеймін, - деді ол.
Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы талқыланды.