Ақан Рахметуллин Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысының өкімімен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Білімі:
1967 жылы 2 ақпанда Алматыда туған.
1991 жыл – Алматы энергетикалық институты;
1999 жыл – ҚР СІМ Дипломатиялық академиясы (үздікпен).
Еңбек өтілі:
1993-1994 жж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Консулдық басқармасының референті, атташесі;
1994-1996 жж. – Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы;
1996-1999 жж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Бас консулдық басқармасының үшінші, екінші хатшысы;
1999-2002 жж. – Алматы қ. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Өкілдігінің екінші, бірінші хатшысы, кеңесшісі;
2002-2004 жж. – Нью-Йорк қ. БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігінің бірінші хатшысы;
2004-2007 жж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Халықаралық гуманитарлық-экономикалық ынтымақтастық департаментінің кеңесшісі, директордың орынбасары;
2007-2011 жж. – Вена қ. Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы кеңесші-уәкілі, Тұрақты өкілінің орынбасары;
2011-2015 жж. – Нью-Йорк қ. БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілінің орынбасары;
2015-2019 жж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры;
2019-2021 жж. – Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
2021-2022 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;
2022 ж. сәуір айында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.
2022ж. қазан айынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалған болатын
І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.