Сыртқы істер министрі Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен барды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

19 Тамыз 2022 2022, 08:45
АВТОР
 19 Тамыз 2022 2022, 08:45
19 Тамыз 2022 2022, 08:45
1340

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның Сыртқы істер министрінің бұл елге сапары екі мемлекет арасында дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері 30 жыл ішінде алғаш рет болып отыр.

Кездесу барысында екі ел арасындағы саяси, экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Тараптар өзара сауда мен инвестициялардың өсуіне, экономиканың түрлі секторларын дамыту екі жақты байланыстардың жандануына оң ықпал тигізетінін атап өтті.

Сондай-ақ вьетнамдық делегация, қазан айында елордада өтетін Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес саммитіне қатысатын болады.

Наверх