Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұжымы белгілі дипломат Асхат Жарылқасынұлы Нұсқабайдың мезгілсіз дүниеден озуына байланысты жақындарына көңіл айтты.
Асхат Жарылқасынұлы еліміздің дипломатия саласының дамуына үлкен үлес қосқан, өз қызметіне шын берілген нағыз маман еді. Ол бірнеше жылдар бойы ҚР Сыртқы істер министрлігінің басшылық лауазымдарында, оның ішінде ТМД Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің Бас хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Парламентінің ТМД Парламентаралық ассамблеясындағы уәкілетті өкілі, Қазақстан Республикасының Омбыдағы дипломатиялық өкілдігінің басшысы, Қазан қаласындағы Бас консулы ретінде қызметтерін аса жауапкершілікпен атқарды. Сыртқы істер министрлігінің ұжымы марқұмның отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтады - делінген көңіл айтуда.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін белгілідипломат Асхат Нұсқабай Өмірден өткен болатын. ҚР Парламент депутаттары марқұмның жақындарына көңіл айтқан еді.