Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады. Бүгінде Қазақстан Республикасы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша сары аймаққа көшті.
Қызыл аймақта әлі де Нұр-Сұлтан қаласы, сары аймақта Алматы қаласы және Шымкент қаласы бар. Қалған өңірлер әзірге жасыл аймақта.
Бірақ соңғы аптада коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі елдің 11 өңірінде байқалып отырғанын атап өткім келеді. Ел бойынша ауру 1,4 есе өсті. Репродуктивті сан бүкіл ел бойынша 1,3-ке дейін өсті. Тәулігіне коронавирустық инфекцияның 1510 жағдайы тіркелді. Бұл жағдайлардың 75% - ы 3 өңірге тиесілі екенін атап өткім келеді. Нұр-Сұлтан қ. - 798, Алматы қ. - 196, Шымкент қ.- 118 жағдай тіркелген.
Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы Қазақстан Республикасының аумағында "омикрон" штаммының анықталған циркуляциясына байланысты. Мереке күндері ішкі эмиграция байқалды. Сондай-ақ негізгі алдын алу шараларын сақтау ғана жеткіліксіз. Сондықтан, бұрынғысынша, қазақстандықтарды алдын алу шараларын сақтауға, бұқаралық іс-шараларға қатыспауға, әлеуметтік қашықтықты сақтауға, маска режимін сақтауға, жабық үй-жайларды үнемі желдетуге шақырамыз. Әрине, бүгінгі күні нақты алдын-алу шаралардың бірі, ол - вакцинация және ревакцинация.
Бүгінгі таңда адам жұқтырған штамм нұсқасын анықтаудың қажеті жоқ екенін атап өткім келеді. Себебі алдын-алу шаралары, емдеу өзгеріссіз қалады. Штаммның осы немесе басқа нұсқасының қаншалықты кең таралғанын анықтау үшін біз семинация жасаймыз. Бүгінгі таңда соңғы семинациялау бойынша "Омикрон" Алматы қаласында, Нұр-сұлтан қаласында анықталды. Әлі күнге дейін "дельта" коронавирустық инфекцияның штаммы 70%-дық таралумен аймақтарда басым.