Сырдария ауданында кәсіпкерлер қатары көбейіп келеді

20 Маусым 2022, 18:25
1425
Бөлісу:
Сырдария ауданында кәсіпкерлер қатары көбейіп келеді

Қызылорда облысы BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысына жақын орналасқан Сырдария ауданында кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. 

Жыл өткен сайын ауданда кәсіпкерлер саны артып, қазіргі таңда мұнда 2379 кәсіп иесі бар. Көпшілігі мемлекеттік бағдарлама арқылы өз кәсібіне қолдау тауып, ісін дөңгелетіп отыр. 

Аудан орталығы - Тереңөзек кентінде кәсіпкер Дастан Палмахов күндіз-түні жұмыс істейтін көлік жуу орталығын ашқан. 

«Автомойка 24/7» көлік жуу орталығы иесінің айтуынша, мұнда автокөлік жүргізушілері тәулік бойы өз-өздеріне қызмет көрсете алады. 

Орталықтың қызмет алушыларға тиімділігі көп. Қалтадағы азын-аулақ ақшаға кез келген уақытта көлігіңді жуып алуға болады. Егер көлiгiңiздi жyғыңыз кeлсe, aлдымeн құpылғығa 100 теңгеден бacтaп 500, 1000, 2000 теңге салып, өз қалауыңызға қарай қызмет аласыз. Бағасына қарай құрылғы қызмет алушыға cy, көбiк жәнe көлiк жылтыpaтқыш cынды жyyғa қaжeттi қocпaлapды ұcынaды. Барлығы түсінікті, құрылғы бетіндегі тетікшелерді орналастырылған. Сол тетікшелерді басу apқылы caлғaн қаражатыңыз тaycылғaншa қызмет түрін пайдалана аласыз, - дейді орталық иесі Дастан Палмахов. 

Кенттегі көлiк жyy opтaлығындa әзірге екі орын ғана бар. Алдағы уақытта бұл қызмет түрі ұлғаятын болады. 

Сонымен қатар кәсіпкер алдағы уақытта көлік жуу орталығы жанынан автоқызмет құрылысын бастайды. Бұл үшін кәсіпкер өткен жылы «Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында қайтарымсыз грант ұтып алған. 

Кәсіпті кеңейтетін боламын. Қыстық және жаз мезгілінде көлік жууға арналған қосымша орындар ашылатын болады. Сондай-ақ көлік жөндеу орны мен автобөлшектерге арналған дүкен ашу ойда бар. Бұл үшін мемлекет тарапынан қолдау да таптым, - дейді кәсіпкер. 

Жуырда Тереңөзек кентінде  бір мезетте 40 адамды қамтитын «Жігер» асханасы ашылды. Кәсіпкер Қайрат Қазиев тамақтану орнынан өз қаражаты есебінен ашқан. Алайда алдағы уақытта бұл кәсіп түрін кеңейтетін болады. 

Асхана мәзірінде шығыс халықтарының дәстүрлі тағамдары қамтылған. Тұрғындар тарапынан оң пікірлер қалыптасуда. Әсіресе бағаның қолжетімділігі келушілерді қанағаттандырады. Сондай-ақ тұрғындардың сұранысы бойынша ет тағамы да әзірленеді. Оған қоса, палау тағамына тапсырыс берушілер қатар өте көп, - дейді Қайрат Қазиев. 

Қазіргі таңда асханада үш адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпкер дәмхананы кеңейту мақсатында «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жобалық құны 4 млн теңгені құрайтын 6 пайыздық несиеге өтініш берген.

Аудан орталығында бір емес, бірнеше кәсіптің иесі атанған Ердос Бақторазовтың иелігінде монша, құрылыс заттар дүкені мен құс шаруашылығы бар. 

Өзге өңірлерде бірнеше салада жұмыс істеп, университетте күзетші болып жүріп, оқуға түскен Ердос Бақторазов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен магистр дәрежесін тәмамдаған. 

Демалыста ауылға келгенде монша таппайтын едік. 2017 жылы оқуды тәмамдап, ауылға қайта оралдым. Сол уақытта аудан орталығынан тұрғындарға арналған монша ашу ойы келді. Құрылысты толығымен өз күшімізбен салдық. Іргетасын асар әдісі арқылы құйып, отбасымызбен қабырғасын қалап, ішкі және сыртқы жұмыстарына маңдай терімізді төктік. Жалпы, кәсіп қыламын деген адамға мемлекет тарапынан қолдау көп, - дейді кәсіпкер. 

Ердос Бақторазов  тек орталық моншамен тоқтап қалмай, 2019 жылы «Кәсіп ашуға - 505 мың теңге» жобасы арқылы грант ұтып алған. Кәсіпкер бұл қаражатқа инкубатор сатып алып, құс шаруашылығын да жандандыра бастады. 

Кәсіпкерге мемлекет тарапынан көмек көп болғандықтан, идеяңды жүзеге асыратын бағдарламаларды зерттеп отыратын болдым. Кәсіп иелеріне арналған түрлі конкурстарға қатысып, 2020 жылы «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы арқылы қаражат алып, бір мезетте 500-1000 балапан басып шығаратын инкубатор сатып алынды. Қазіргі таңда құс шаруашылығы дамып келеді, - дейді Ердос Бақторазов. 

Кәсіпкердің тағы бір ісі - «Керемет» құрылыс заттар дүкені. Құрылысы қарқын алған ауданда бұл істің тасы өрге домалайтыны белгілі. Өткен жылы сұранысқа сай жұмысын бастаған дүкен қазіргі күні халыққа қалтқысыз қызмет етуде. Кәсіпкер алдағы уақытта дүкеннің ауқымын кеңейтіп, тағы бірнеше адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр. 

Өзгелердің жаңалығы