Астана, BAQ.KZ. Елбасының Жарлығымен Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды, деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.
Ғ.Ж. Байжановты Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне тағайындау туралы
Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінен босатылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2019 жылғы 12 ақпан
№ 835