«Сыр жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталды

19 Қазан 2023, 20:45
860
Бөлісу:
«Сыр жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталды
Фото: Артём Чурсинов - архив

«Сыр жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталды. Оған 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бағдарлама шарты бойынша баспана 19 жыл мерзімге 5 пайыздық несиемен беріледі.

Қатысушы бастапқы 10 пайыз жарнасын төлеуі тиіс.

Бағдарламаға мемлекеттік қызметшілер ғана емес мәдениет, денсаулық салаларының қызметкерлері және алғаш рет журналистер қатыса алады.

Тұрғын үй алуға құжат қабылдау 26 қазанда аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы