Сынып жетекшілердің үстемақысын көбейту ұсынылды

14 Ақпан 2024, 15:12
9045
Бөлісу:
Сынып жетекшілердің үстемақысын көбейту ұсынылды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Павлодар облысының Білім басқармасының басшысы Самал Айтқазина министрліктің алқа отырысында сынып жетекшілеріне төленетін үстемақыны арттыруды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Білім мен тәрбие егіз ұғым. Қазір сынып жетекшілері қызметтерін табысты атқарып жатыр. Осы орайда сынып жетекшілеріне жүктелген жұмыстың маңыздылығын ескере отырып төленетін үстемақыны арттыруды ұсынамын, - деді басқарма басшысы.

Ол "Педагог мәртебесі туралы" заң аясында педагогтерге мемлекет ерекше қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

Оның ішінде педагог жүктемесінің азаюы, жалақының екі есе артуы, функционалдық міндеттеріне жатпайтын жұмыстардан босатылуы және т.б. бар, - деп Самал Айтқазина мұғалімдерге көрсетіліп жатқан қолдау үшін Президентке ұстаздар қауымы атынан алғыс айтты.

Сонымен қатар мұғалімдерге күрделі тақырыптармен жұмыс істеуге көмек көрсетілетіні, ауыл мен қала арасындағы алшақтық қалай жойылатыны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы